Уақытша есепке қою кезінде Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі. 15 мың теңгеге жуық мөлшерде алым төленеді.
Тіркеу туралы куәлікте «уақытша есепке алу, иеліктен шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу құқығынсыз» деген жазбалары көрсетіледі.
«Шетел автокөліктерінің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік белгілері Мемлекеттік корпорацияға сақтауға тапсырылады. Ал азаматтар аталған автокөліктерді елден тыс жерге әкетуге шешім қабылдаса, олар Қазақстанның тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін тапсырып, шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін қайтарып алады», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында.
Егер Қазақстан азаматтары осы автокөліктерді елімізде бастапқы тіркеуді жүзеге асыру туралы шешім қабылдаса, оны бұрынғы тіркелген елінде есептен шығарып, утилизациялық алым төленбейді.
Қазір автокөліктерді уақытша есепке қою үшін тиісті сервисті пысықталып жатыр.