Оның айтуынша, азаматтарға заңдастыру біржолғы сипатта болатыны ескертілді. Бұдан былай ел аумағында шетелдік автокөліктерді заңсыз әкелу мен пайдаланудың жолдарын болдырмау үшін шаралар қабылдануда.

«Мәселен, ағымдағы жылдың 12 қаңтарынан бастап заңнамалық өзгерістерге сәйкес Қазақстан азаматтары шетелдік автокөліктеріне автосақтандыру шартын жасай алмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес міндетті сақтандырусыз автокөлік басқарғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ аталған жағдайларда полиция қызметкерлері автокөліктерді ұстап, оларды арнайы автотұрақтарға жеткізуге құқылы», – деді ведомство өкілі. 

Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігі халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.