Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Петропавл ауыр машина жасау зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Зауыт мұнай-газ компаниялары үшін жүк көтеру техникасын шығарумен айналысады. Биыл «Қазмұнайгаз» АҚ еншілес компаниялары үшін 20 қондырғыны жеткізуге келісімшарттар жасалды. Жыл соңына дейін тағы 12 бірлік жабдық жеткізуге қосымша келісімшарт жасау жоспарлануда.

СҚО әкімі кәсіпорын жұмысын тұрақтандыруға жергілікті билік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.