Жезқазған қаласын газдандыру жобасы жалпы құны 12,9 млрд теңгені құрайтын 3 кезектен (7 іске қосу кешені) тұрады. Бүгінгі күні 2 іске қосу кешенінен тұратын 1-кезек аяқталды, сондай-ақ 2-кезекті іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның 1 іске қосу кешені аяқталды, 2-сі іске асыру сатысында (2024 ж.аяқталуы).
Бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджет қаражатынан 2023 жылы Ұлытау облысы үшін 2 жобаны (1 жалғасып жатқан жоба және 1 жаңа жоба) іске асыруға 3 млрд теңге көзделген.
Сондай-ақ Әлібек Жамауов Энергетика министрлігі ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
Сұйытылған мұнай газын (СМГ) ішкі тұтыну көлемі 2022 жылы ел бойынша 1,8 млн тоннаны құрады. 2021 жылмен салыстырғанда тұтыну 400 мың тоннаға өсті.
Бұл ретте СМГ-ны өндіру теріс динамиканы көрсетеді. Осылайша, өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықтың төмендігіне байланысты өндіріс 2022 жылы шамамен 400 мың тоннаға қысқарды.
Көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда СМГ бағасы 3-4 есе төмен. Ұлытау облысы үшін баға 1 литріне 76-81 теңгені құрайды.
Өңірде 1 газ толтыру станциясы (көтерме) және 18 автомобильге газ құю станциясы бар.
Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылы 1,7 мың тоннаны, 2023 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде – 0,8 мың тоннаны құрады.
СНГ шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік бағалық реттеуді 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген.