Жаңа ауыз су стансасының (3-ССС) пайдалануға берілуін және су тұтыну көлемінің артқанын ескере отырып, қалаға су бұру көлемі артты. Тазарту құрылыстарының (1-КТҚ) қуаты жеткіліксіз, сондықтан осы жылдың күзінде екінші кәріз тазарту құрылысы (2-КТҚ) басталады. Бұл ғимараттың қуаты тәулігіне 200 мың м3 құрайды. 

Сондай-ақ аралау барысында олар «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС-ға қарасты тәлімбаққа барды. Оның ауданы 350 гектарға жуық, онда әртүрлі ағаш түрлерінің көшеттері өсіріледі. Тәлімбақта жыл сайын 30 мың дана көшет шығады. 2025 жылдан бастап ағаш тұқымдарының саны 100 мың көшетке, тамыр жүйесі жабық бұталар 45 мыңға және тамыр жүйесі ашық бұталар 300 мың дейін көбейтіледі деп жоспарланып отыр.

Жыл сайын жасыл белдеудегі көшеттер саны артып келеді. Мысалы, биыл 500 мыңға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар және т. б.) отырғызу жоспарланып отыр. Қаланың өзінде осы көлемде жасыл желек отырғызылмақ. Елорданың жасыл белдеуінің жалпы ауданы 15 мың гектарды құрайды. Онда 11,5 млн-нан астам ағаш пен 2 млн бұта өседі. Мұнда жапырақты ағаш түрлеріне басымдық беріледі.