Спикер атап өткендей, Еуропалық комиссиямен серіктестікте жүргізілген зерттеу көрсеткендей, барлық әйелдердің 45%-ы, сондай-ақ бала күтіміндегі әйелдердің 60%-ы, егер онлайн оқыту мүмкін болмағанда, оқуы мен жұмысын кейінге қалдыруға немесе тоқтатуға тура келер еді деп санайды. Сондықтан IT-Aiel бағдарламасы жұмыссыз әйелдер үшін аса маңызды.

«Бүгінгі таңда жұмыспен қамтылмаған әйелдерден, декреттік демалыстағы әйелдерден, 18 жастан асқан студенттер мен кәсіпкерлерден IT-Aiel бағдарламасы бойынша оқуға 2307 өтінім келіп түсті. Іріктелген қатысушылар жаңа мамандықты 1 тамызда қазақ және орыс тілдерінде онлайн форматта игеруге кіріседі», – деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры.

Оның айтуынша, осы бағдарлама аясында Astana Hub IT, бизнес және маркетинг саласына тәлімгерлік және сараптамалық қолдау көрсететін TechnoWоmen коммерциялық емес ұйымымен ынтымақтастық орнатты. Бағдарлама видео дәрістерді, тапсырмаларды, онлайн вебинарларды және т.б. қамтиды.

Спикердің айтуынша, IT саласында сыртқы факторларға қарамастан әйелдердің дамуына зор мүмкіндіктер бар.

«Біздің мақсатымыз – IT-Aiel жобасын бір реттік етіп жасамау, әр ұйымдастырған сайын ұсынылатын орындар санын көбейту. Біз тамыз айында іске қосатын пилоттық жоба еліміздің көптеген өңірлерін қамтитын үлкен бағдарламаның бастамасы болады деп үміттенеміз», – деді Алина Әбдірахманова.