Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдерді IT-индустрия технологияларына тартуды ынталандыру үшін көп күш салуда. Былтыр ҰК алаңында барлық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен IT-кәсіпкер әйелдермен үлкен кездесу өткізілді. Онда кәсіпкер әйелдердің 20-дан астам IT-жобалары таныстырылды. Олар онлайн оқытумен, телемедицинамен, агробизнесті дамытумен және басқа салалармен байланысты. Ең үздік жобалар Қазақстанда енгізілуде, деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, осы жылы Қазақстан БҰҰ-ның өңірлік алаңында «ІТ-технологиялардағы әйелдердің рөлі» күн тәртібімен төрағалық етеді.

Мұның бәрі қазақстандық әйелдердің цифрлық құзыреттер болған кезде өзін-өзі көрсету үшін зор мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді, деп есептейді А. Шужеева.

Technowomen ұйымы екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта оған Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан әйелдері кірді. Олар бірлескен жобаларды ілгерілетумен айналысады.

«IT-Aiel жобасында TechnoWomen компаниясы тәлімгерлік қолдау көрсетеді. Біз кездесулер ұйымдастырамыз, вебинарлар өткіземіз және өз кейстерімізді мысалға ала отырып, әйелдерге көмектесеміз. IT-Aiel бағдарламасында оқығаннан кейін барлық тілек білдірушілерге тегін электрондық коммерция мектебінде оқуға мүмкіндік беріледі», – деп түйіндеді КЕҰ президенті.