Алдағы жылу беру маусымын үздіксіз әрі қауіпсіз өткізу мақсатында жергілікті атқарушы органдар энергия нысандарын, инженерлік инфрақұрылымды, сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қорын жоспарлы түрде дайындауда. Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының әкімдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері жетекшілік ететін салалар мен ондағы өзекті мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды.

Талқылау нәтижесі бойынша Роман Скляр облыс әкімдеріне алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін барлық жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Өз кезегінде, тиісті министрліктерге энергетикалық кәсіпорындар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарының күзгі-қысқы кезеңге дайындығы бойынша бақылауды күшейту тапсырылды.