Өңір басшысы Ақтөбенің қарқынды дамып келе жатқан жаңа шағын аудандарының бірі Есет батыра ат. тұрғын алабындағы құрылыс алаңына барды, бұл ауданда оқушы орындарының тапшылығы мәселесі өзекті. 2024 жылға дейін мұнда 2000 орындық заманауи мектеп салынады.
2025 жылға дейін Ақтөбе облысында бір ауысымда 22,8 мың оқушыға арналған 44 жаңа мектеп салынады. Оның ішінде 24 мектеп Ақтөбе қаласында, қалғандары Алға, Әйтеке би, Байғанин, Қобда, Темір, Ырғыз, Мәртөк, Шалқар және Мұғалжар аудандарында салынады.
44 жаңа мектептің 20-сы ұлттық жоба аясында бірыңғай стандартқа сәйкес салынады.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – оқу орындарының жетіспеушілігін жою және жаңа білім беру стандартын белгілеу. Біздің өңірде 14 мектептің құрылысы биыл басталып, келесі жылы аяқталады. Қалған 6 құрылыстың басталуы келесі жылға жоспарланған, бірақ оларды мүмкіндігінше ертерек салуды бастау керек. Менің ойымша, құрылысқа қатысқандардың барлығы, әсіресе өскелең ұрпақ алдындағы өз жауапкершіліктерін толық түсінеді», – деді Ералы Тоғжанов нысанды тексеріп, мектеп құрылысына конкурста жеңіске жеткен «BIGLOBAL» ЖШС мердігер ұйымының өкілдерімен жүздесу барысында.
Облыс әкімі осы маңызды әлеуметтік жобаларды іске асырумен өңірде апатты және үш ауысымды мектептер проблемасы толығымен жойылатынын атап өтті.