Alaqan Мektep жүйесі идентификатор ретінде алақан тамырларының биометриясына негізделген, ол саусақ ізімен салыстырғанда күрделірек және өзіндік ерекшеліктері бар.

Аталған жүйе білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және оқу процесін цифрландыруға мүмкіндік беретін бірыңғай экожүйе. Алақанды сенсорға қою арқылы оқушылар кітапханадан кітаптар алып-тапсырып, асханада төлем жасай алады. Ал ата-аналар баланың мектептен келу және кету уақыты туралы біле отыра, мобильді қосымша арқылы асханада балаларының мәзірі мен шығындарын бақылайды.

Сонымен қатар жүйе кітапхана жұмысын автоматтандыру арқылы оның қызметін жаңа деңгейге шығаруға, мектептер арасындағы кітаптар қозғалысының процестерін цифрландыра отырып, өңірдегі барлық мектептердің бірыңғай кітап қорын құруға мүмкіндік береді.