Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі.

Құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталып, 4 айда 350 453 өтініш түсті, бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,2%, қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған. 

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.