Қорғаныс министрлігінің бастамасы 2,5 мыңға жуық мерзімді қызметтегі сарбазға несие төлеуді 13 айға кейінге қалдыруға мүмкіндік берді.

Ведомство басшысының орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, жобаны іске асыру барысында сарбазға арыз жазу қажеттігіне тікелей байланысты кейбір бюрократиялық сәттер туындаған. Бұл өтініш қаржы ұйымына жеткенше, бірнеше ай өтетін және осы уақыт ішінде адамға айыппұл салынатын.

«Бұған жол бермеу үшін қазір мемлекеттік кредиттік бюромен осы функцияны проактивті форматқа ауыстыру мүмкіндігі пысықталып жатыр, онда адамға өтініш жазу қажет болмайды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.