Қазақстан мен Катардың авиациялық билігі арасында екі ел тасымалдаушыларының қатысуымен келіссөздер өтті. Қазақстан тарапынан делегацияны ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Катар тарапынан Катар авиациялық билігінің басшысы Мохамед әл-Хаджри басқарды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейтетін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды:

- әр тараптан Астана және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;

- әр тараптан Алматы және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;

- «ауа еркіндігінің» 5 дәрежесін қоса алғанда, әр жағынан аптасына 7-ден 10-ға дейін жүк рейсі.

Осылайша, рұқсат етілген жиіліктер саны аптасына 21-ден 38 рейске дейін өсті.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Qatar Airways» әуе компаниясы жыл соңына дейін Алматы – Доха бағыты бойынша орындалатын рейстер санын күніне 1-ден 2 ретке дейін (аптасына 7-ден 14 рейске дейін) ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ 2024 жылдың ортасында әуе компания Астана-Доха бағыты бойынша әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта «Qatar Airways» әуе компаниясы Қазақстанға бағыт бойынша рейстерде, оның ішінде «Боинг-787 Дримлайнер» үлгісіндегі кең фюзеляжды әуе кемелерін пайдаланады. Келіссөздер барысында әуе компаниясы Қазақстан Республикасына рейстерде әуе кемелерінің осы түрлерін пайдалануды арттыратынын хабарлады.

Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.