Вице-премьер бұл мәселелердің ерекше бақылауда екенін және Үкімет тарапынан тұрақты түрде қаралатынын атап өтті.
Оқу-ағарту вице-министрі Е. Оспан бейнекамераларды тексеру нәтижелері мен мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмі туралы баяндады.
Т. Дүйсенова Оқу-ағарту, Ішкі істер, Цифрлық даму министрліктеріне білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз етуді тапсырды.
Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Сауда және интеграция министрліктеріне халықаралық талаптарды ескере отырып, мектептердегі санитария мен гигиенаның ұлттық стандартын әзірлеу тапсырылды.
Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктеріне жазғы лагерьлердің қызметін мұқият зерделеп, орын алған барлық кемшіліктерді жоюды және келесі маусымда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды.
«Балалардың демалысы мен бос уақытын өткізетін нысандар, балалар орталықтары көпфункционалды болуы тиіс, онда балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық, физикалық дамуы қамтамасыз етілуі қажет», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.