Өтініштерді қабылдап алған жергілікті атқарушы органдар оларды қарастыруы және тұрақты қоныстану орны, жұмысқа орналасу және өңірлік квотаға енгізу бойынша ұсыныстарын беруі тиіс.

Этникалық қазақтарды қабылдау тетігін қайта қарау ҚР 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүргізілді.

Өзгерістердің Қазақстан елшіліктері арқылы құжаттарды қабылдаудың жаңа форматына ғана емес, қандастарды қоныстандырудың мына механизмдеріне де қатысы бар, атап айтқанда:

- ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстандыру;

- демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерациялар мен ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарында қоныстандыру;

- Қазақстан аумағында және ҚР азаматтары болып табылатын отбасы мүшелері немесе жақын туыстары тұрақты тұрған жағдайда (тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен) отбасымен қауышу;

- бос жұмыс орнына орналасу мақсатында (тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен) жұмыс берушілердің шақыруы.