Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 15 жылда қайырымдылық акция аясында 1,5 млн астам балаға көмек көрсетілгенін атап өтті.

Насымжан Оспанованың айтуынша, қайырымдылық көмек кеңсе тауарлары, дәптерлер, күнделіктер, сурет салуға және балалар шығармашылығына арналған жиынтықтар, портфельдер мен мектеп формалары, оқулықтар мен көркем әдебиет түрінде көрсетіледі.

«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті барлық мектептерге бей-жай қарамайтын азаматтардан көмек қабылдаудың уақытша пункттеріне айналуды тапсырады. Жиналған барлық тауарлар мұқтаж отбасылардың арасында бөлінуге тиіс», - деді спикер.

Бұл ретте комитет төрағасы акцияның барлық қатысушыларына сыйлықты алған баланың суретін интернет кеңістігіне жарияламау туралы ескертті.