Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында орталық ведомстволарды вертикалін оңтайландыру арқылы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейтуді тапсырған болатын.

Ұлттық экономика және Әділет министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізіп, Жол картасын бекітті. 

Ерұлан Жамаубаев министрліктерге жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып,, өңірлерге берілуі мүмкін функциялардың тізбесін әзірлеуді, сондай-ақ кадрларды қайта бөлу және олардың қаржылық, материалдық-техникалық қажеттіліктерін анықтау бойынша функционалдық талдау жүргізуді тапсырды.