Бүгін көлік қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде.
Бұл саласыз мемлекет, жалпы әлем бойынша қозғалу, жүк тасымалдау және көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мүмкін болмас еді.
Бүгінгі таңда отандық көлік саласында 400 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жыл сайын жүк тасымалының көлемі артып келеді. Биыл қаңтар-маусым айларында бұл көрсеткіш 474 млн тоннадан астам жүкті құрады. 760 миллионнан артық жолаушы қазақстандық тасымалдаушылардың қызметін пайдаланған.
Автомобиль, теміржол, су, авиациялық көліктердің барлық қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаймыз! Жұмыстарыңызда сәттілік, отбасына амандық тілейміз!