Бұл бағдарлама бойынша конкурсқа биыл ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балл жинаған түлектер қатыса алады:
– ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
– жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
– мүгедектігі бар азаматтар;
– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
– 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
– 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
– төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз.
Құжаттарды жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.
Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.
Толық ақпарат @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.