Тамыз айының екінші жексенбісінде Қазақстанда құрылыс саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Бұл ел экономикасының маңызды секторларының бірі.
Бүгінде салада 53 мың кәсіпорында 620 мыңнан астам маман еңбек етуде.
Құрылысшы – жасампаз мамандық. Тұрғын үйлер, мектептер, медициналық мекемелер, көлік, өнеркәсіптік, энергетикалық инфрақұрылым объектілері – онсыз қазіргі заманғы адамның өмірін елестету мүмкін емес.
Құрылыс саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!