ҚАЖ комитетінің хабарлауынша, соңғы жылдары оң динамика байқалып отыр. 2019 жылы бұл көрсеткіш сотқа дейінгі 200 тіркелген тергеуді құрады.
– Пенитенциарлық мекемелерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың нәтижесінде біз ҚАЖ қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерді жоюда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік, – деді ведомство өкілдері.
Жағдайды түбегейлі өзгерткен маңызды жаңалықтардың бірі үздіксіз бейнебақылауды енгізу болды. Бүгінгі таңда 78 пенитенциарлық мекеменің 52-сінде 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.
Мониторинг барысында операторлар арнайы контингент жасаған 8 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар сотталғандар жасаған қылмыстар саны да 16%-ға төмендеді.