Былтыр күнбағыс майының экспорты 230 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Импорт 100 мың тоннадан аспады.
Жыл сайын күнбағыс егістік алқаптары кеңейіп келеді. Мәселен, 2022 жылы 1,09 млн га егілді, биылғы алқап 66,7 мың гектарға артық. Өнім көлеміде өсіп жатыр, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 1,3 млн тонна күнбағыс жиналды, 2021 жылмен салыстырғанда 164 мың тоннаға көбейген.
Күнбағыс майын өндіру бойынша, 2023 жылдың 6 айында 253 мың тонна өндірілді. Қазақстан 146,1 мың тонна отандық өнімді экспорттады, көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 30%-ға өсті. Сонымен қатар, импорт қысқарып, елге 38,7 мың тонна май әкелінген.
Ішкі нарықтағы күнбағыс майының құны сәуір айында Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері мен Ұлттық майлы дақылдарды өңдеушілер қауымдастығы қол қойған бағаны тұрақтандыру іс-қимыл жоспарына сәйкес реттеледі.
Статистика деректеріне сәйкес, маусым айында наурыз айымен салыстырғанда тазартылмаған майдың сату бағасы тоннасына - 422,5 мың теңгеге дейін (наурызда – 513,4 мың теңге болған), тазартылған майдың тоннасы 631,6 мың теңгеге дейін (наурызда – 701,4 мың теңгені құраған) төмендегені байқалады.