«Жыл сайын мемлекет тарапынан мектептердің құрылысы мен оларды жаңарту жұмыстарына қаржы бөлініп келеді. Соңғы үш жылдың өзінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді. 2023-2024 оқу жылында 132 мың орындық 154 жаңа мектепті іске қосу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл аяғына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдардағы 1000 мектеп 6 бағыт бойынша жаңғыртылады: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, пәндік кабинеттермен жабдықталады, мектеп, кітапхана, асханалардың жиһаздары жаңартылады, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі», – деді вице-министрі Еділ Оспан.

Сонымен қатар бүгінде инклюзияны қолдаудың 5 кабинеті пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 37, ал 2027 жылға дейін 200 жаңа кабинетті ашу жоспарлануда. Еліміздің мектептерінде инклюзияны қолдау бойынша барлығы 646 кабинет жұмыс жасайды.