Ел Президентінің аз шығынды қажет ететін спорт түрлерін дамыту туралы тапсырмасында ұлттық ойын тоғызқұмалақты дамытуды да атап өтті. Соның аясында қыркүйек айының 21-24 аралығында Алматы қаласында ADD спорт кешенінде тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтеді. Оған қатысуға 20-дан астам елден өтініш келіп түсіп, қазіргі таңда нақты қатысушылардың нақты тізімі жасалған. Оның ішінде 8-ден астам ел өз елдерінде іріктеу жүргізген. Сайысқа қатысатын 15 және 17 жасқа дейінгі оқушылар, ұлдар мен қыздар жеке-жеке ойнайды, деді спикер.
«Блиц түрі ашық түрде өтеді. Оның жарнасын төлеп, қатыса беруге болады. Сондықтан қазіргі таңда жалпы алғанда 300-дей оқушы қатысады деп жоспарлап отырмыз», – деді Ә.Тұрсұн.
Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры – 4 млн теңге, ол 32 жүлдеге бөлінбек.
«Тоғызқұмалақ күніне орай Алматы қаласында қалалық әкімдіктің қолдауымен Қазақстанның Гиннестің рекордтар кітабына енуі бойынша іс-шара өткізіледі. 3 мыңға жуық бала бір мезетте ашық аспан астында осы ойынды жүргізеді», – деді Ә. Тұрсұн.
Қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігіне Қазақстандағы мектептер мен колледждердің деңгейінде осы Тоғызқұмалақ күні атап өту туралы ұсыныс жасалған. Сонымен қатар Алматы қаласына «Тоғызқұмалақ отауы» мәртебесі берілмек. Мұның барлығы 9 қыркүйекте өтетін іс-шарада нақты жарияланбақ.