Отырыс барысында Тамара Дүйсенова V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жарыстар өткізу үшін Астана қаласында қолданыстағы спорт нысандары пайдаланылатынын, арнайы жаңа нысандар салынбайтынын атап өтті.
Елорда әкімдігінің деректеріне сай осы халықаралық іс-шараға дайындық аясында «Астана Арена» стадионы, «Алау» мұз сарайына жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен елордалық «Қазанат» ипподромын реконструкциялау жоспарланған.
2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу эстафетасы Қазақстанға берілді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (World Nomad Games) – этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс. Оған Орталық Азияның тарих бойынша көшпелі халықтарының ұлттық ойындары негіз болды.