Өз кезегінде Жезқазған ЖЭО-да «Қазақмыс Энерджи» АҚ басшылары алдағы жылу беру маусымына дайындық және станцияны жаңғырту жоспарлары туралы баяндады.
Бірінші вице-премьер Жезқазған қаласындағы жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді. Қазіргі уақытта жұмыс жоспарлы кестеден озып келеді. Желілерді күрделі жөндеу жақын арада салынып жатқан облыс орталығының жаңа шағын аудандарын жылу энергиясымен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар облыс орталығын сумен қамту жобасы да талқыланды. Делегация Жезқазған қаласындағы «Ұйтас-Айдос» су құбыры және гидроцехының құрылыс алаңында болды. Жобалар республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылып отыр (тиісінше 4,2 млрд теңге және 6 млрд теңге). Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Р. Скляр Жезқазған қаласындағы көпқабатты 11 жаңа тұрғын үйдің (972 пәтер) құрылыс алаңында да болды. Нысандарды аяқтау келесі жылдың соңына жоспарланған.
Сапар қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары салалық министрліктер мен Ұлытау облысының әкімдігіне жобалардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.