ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев «Жануарлар түрін пайдалануға рұқсат беру» лицензиялау рәсімі шеңберінде құжаттарды ұсыну талабы туралы баяндады.

Бүгінгі таңда Ұлттық экономика министрлігі реттеушілік әсерді талдау процедурасының сақталуына оң қорытынды беріп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы реттеушілік әсердің осы талдауына ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығын жеткізді.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар банктік қарыз шарты немесе шағын несие беру шарты бойынша несие ұсынушы құқықтарын (талаптарын) белгілеген кезде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес жеке тұлғалардың берешектерiн коллекторлық агенттiктер арқылы есеп айырысу ісіне қатысты мәселелерді қарады. Нақтырақ айтқанда, коллекторлық агенттіктің борышкердің берешегін өтеуі бойынша шаралар қабылдау, банктік қарыз шарты негізінде міндеттемелерді енгізу мәселелерді талқыланды.

Комиссия отырысын қорытындылап, Ерұлан Жамаубаев комиссияға реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.