Мемлекеттер басшыларының назарына дәстүрлі тәжік киімдері, кілемдері, маталары, қыштан жасалған сәндік бұйымдары және музыкалық аспаптар ұсынылды. Сондай-ақ жәрмеңкеге жеміс-жидектер, көкөністер, қақталған жемістер мен кондитерлік өнімдер  қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің экономикасы бірін-бірі толықтыратынын, сондықтан Тәжікстанның бүгінгі көрме-жәрмеңкесі Қазақстан үшін айтарлықтай қызығушылық туғызатынын атап өтті.

Шара аясында концерттік бағдарламалар, түрлі қолөнер және халық  кәсіпшілігі бойынша шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары тәжік халқының ұлттық тағамдарының дәмін татып көрді.