Павлодар облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1294 нысанды бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 776 нысанның 380-інде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында жоғарыда аталған нысандардың 199 толық бейімделгені расталды. 181 нысан ішінара бейімделген деп танылды. Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін тағы 396 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 41 тексеру жүргізілді, оның ішінде: 9 – нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау шеңберінде 32 тексеру. Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 38 ұйғарым беріліп, 907,2 мың теңгеге 5 әкімшілік айыппұл салынды.

Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

Елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және және 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым нысан анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 нысан сай келуі қажет. Ал биылғы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 10 277 нысан бейімделді.