Аталған құжатқа облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, министр Саясат Нұрбек және Қор директоры Жанат Рахмани қол қойды.

Бұл уағдаластыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қонаев қаласында «Қонаев академиялық қалашығын» салу жөніндегі берген тапсырмасын орындау мақсатында қол жеткізіліп отыр.

Келісім шеңберінде Қалашық аумағына 2023-2024 жылдарда толық инфрақұрылым жүргізу, халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаржылар тарту арқылы 2024-2027 жылдар аралығында еліміздің төрт университетін көшіру (1-кезеңде) және шетелдік төрт университетті ашу (2-кезеңде), ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар, жатақханалар мен қонақ-үйлер салу, жұмыстары атқарылады.

Қалашыққа 100 га жуық жер телімі беріліп, Қонаев қаласының Бас жоспарына енгізілген.