Осы құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:

▪️ Президент Әкімшілігінің Басшысы;
▪️ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
▪️ Президент Кеңсесінің Бастығы;
▪️ Президенттің көмекшілері;
▪️ Президенттің кеңесшілері;
▪️ Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
 
Жарлыққа сәйкес:
– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
– экономикалық мәселелер бойынша;
– халықаралық мәселелер бойынша;
– құқықтық мәселелер бойынша;
– ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.
 
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.