Бұл жұмыс «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Тамыздың 28-31 аралығында 9 өңірде 12 табиғи монополиялар субъектісі қамтылды.
Жалпы, субъектілердің бекітілген инвестициялық бағдарламала шеңберінде өз міндеттемелерін уақытылы орындауы және тұтынушылардың қаражатын тиімді пайдалануы тексерілді.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері осы жылдың қыркүйек-қазан айларында еліміздің бірқатар өңірлерінде тексеруді жалғастырады.