Өзбек музыкантының айтуынша, оны еліміздегі джаз ұжымдарының саны таң қалдырған. Өзбек қонақтары ертең, 5 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының биг-бендімен бірлесіп өнер көрсетпек.
«Қазақстан мәдени мұрасы бай ел ретінде мен үшін қашан да қымбат. Менің алғашқы конкурстық қойылымым Алматыдағы «Қазақстан» концерт залының сахнасында өткен. Сол үшін де қымбат. Астанада алғаш рет осындай форматта өтіп жатқан джаз фестиваліне қатысуым театр, музыка маусымының ашылуымен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымын. Бұл іс-шара Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген биг-бендтердің қатысуымен ерекше. Музыка бізді жақындастырады», – деді Өзбекстанның халық әртісі.
Фестивальдің негізгі іргетасы – халықтарымыздың бірігуі, деп есептейді Мансур Ташматов. Бұл мақсатқа мәдениеттердің араласуы арқылы қол жеткізіледі.