Оның айтуынша, ақылы түрде оқитын студенттер грантта оқитын студенттермен тең дәрежеде жатақханадан заңды түрде орын алуға құқылы.
«Биылдан бастап заң күшіне енеді, онда студенттің грант бойынша немесе ақылы негізде оқуына қарамастан, университеттердің жауапкершілігі қарастырылған. Біздің барлық студенттер жатақханалардан орын алуға құқылы», – деді Ақерке Абылайхан.
Еске сала кетейік, министр Саясат Нұрбек кеңейтілген алқа отырысы барысында 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуді көздейтін «Білім туралы» Заңның жаңа редакциясы күшіне енетінін атап өтті. Жаңа заңнамаға сәйкес, оқу орындары студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге міндетті.
Қазіргі уақытта елімізде жатақханалардағы орын тапшылығы – 23 686.