Мемлекет басшысының өкімімен Болат Анапияұлы Тілеп Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімдерімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына, Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.