«Биыл Қарулы күштер мен Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылатын жас ұрпақтың саны алдыңғы шақырулармен салыстырғанда ұлғайды. Әскерге шақырылушыларды хабардар ету жеке шақыру қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылады, олар үй және жұмыс орнының мекен жайлары бойынша жеткізіледі. Әскерге шақырудан босатуды кейінге қалдыру мемлекеттік қызмет болып табылады және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылады. Кез келген адам ақпарат алу үшін жүгініп, жауап ала алады. Ол үшін Қорғаныс істері жөніндегі әрбір департаментте «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңселері жұмыс істейді, электрондық пошта жәшіктері мен әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар ашылды», – деді спикер.
Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің өкілі әскерге шақырылушылар санын арттыру әскердің қажеттілігі мен жабдықталуына байланысты жүзеге асырылатынын айтты.
«Жоспарлы түрде әскери бөлімдердің немесе басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың өтінімі бойынша көбейтеміз. Бұл белгілі бір бөлімшелерді жасақтау қажеттілігі», – деді Б.Артықов.