Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қазақстандағы күзгі шақыру науқанының басталуы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов Қорғаныс министрлігі азаматтарды Қазақстандағы мерзімді әскери қызметке шақыру санын неге жылына бір ретке дейін қысқартуды қарастырмайтынын түсіндіріп өтті.
Қазақстанда азаматтар жылына екі рет мерзімді әскери қызметке шақырылады.
«Бір шақыру шығарылғаннан кейін, бригада бөлімшесінің 50%-ы өз мақсатына сәйкес қойылған міндеттерді орындауға дайын болады. Ал екінші жартысын шақырғанда, олар бригадаларды одан әрі толық құрамда толық жауынгерлік даярлықта ұстау үшін алты ай ішінде үйлесімді жұмыс істеуге дайындықтан өтеді», – деді Бауыржан Артықов.