«Балалар, ата-аналар мен мұғалімдер үшін ең бастысы - мектепті балаларға қауіпсіз және мейірімді ету. Буллингке қарсы бағдарлама балаларға қорлау мен зорлық-зомбылыққа жол берілмейтін ортада өсуге көмектеседі, білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың кез келген түріне, оның ішінде буллингке нөлдік төзімділікті қалыптастырады», – деді вице-министр.

Бағдарламада сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарын өткізу бөлігінде тәрбиелік құрауыш қарастырылған. Буллингке қарсы бағдарламаның тиімділігіне мониторинг білім беру ұйымдарында буллинг фактілерін ай сайын жинай отырып, онлайн-модуль арқылы жүргізілетін болады.

Осы жылдың наурыз айында министрлік мектепішілік есепке алуды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітті. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жасөспірімдер ортасындағы жағымсыз құбылыстарды ерте анықтау мен алдын алудың ең тиімді құралы.

Мектепішілік есепке алуды жүргізудің жаңа моделі кейс-менеджмент технологиялары мысалында баланы кешенді сүйемелдеуге мүмкіндік береді.

Спикер атап өткендей, бүгінде республикада кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі 235 комиссия жұмыс істейді, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2,5 мыңнан астам маман олардың мүшелері болып отыр.

«Олардың жұмыс тәжірибесін зерделеу комиссия жұмысында жазалау тетігі басым екенін көрсетті. Сондықтан медициналық-әлеуметтік есепке алу тетігін енгізу есебінен отбасылық саламаттылықты ерте анықтауға баса назар аудару бөлігінде өңірлік комиссияларды трансформациялау бойынша жұмыс басталды. Бұл отбасын сүйемелдеуге мүмкіндік береді және мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау көрсетеді. Деректер көлемінің артуын ескере отырып, комиссиялардың жұмысы отбасыларды әлеуметтік қолайсыздықтан шығарудың қадамдық алгоритмі шеңберінде цифрландырылатын болады», – деді Е. Оспан.

Сондай-ақ, оның айтуынша, барлық білім беру ұйымдарында оқу жылының басынан бастап ата-аналарды қолдау орталықтары құрылуда. Мұның бәрі балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.