Қостанай облысында жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 16 қайырымдылық жоба мен бағдарламалар іске асырылуда, оның ішінде 3,2 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді, алдағы уақытта 1,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарлануда.
Көмектің көп бөлігі денсаулық сақтау саласына, атап айтқанда, қымбат дәрі-дәрмектерді сатып алуға жұмсалды. Бұдан басқа, өрттен кейін балалар лагерін қалпына келтіруге уәде етілген — бұл мақсаттарға 268 млн теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда.
Ал Ақмола облысында «Қазақстан халқына» қоры жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын 11 жобаны іске асырды. Бұл орфандық аурулары бар науқастарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, білім беру объектілерін арнайы жабдықтармен жарақтандыру, сондай-ақ басқа да көмек.
«Қазақстан халқына» қоры қазақстандықтардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі проблемаларын шешуге бағытталған жалпы сомасы 146,5 млрд теңгеге 40-тан астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландырады. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетілді. Қор бағдарламалары елдің барлық өңірлерінде ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға баса назар аудара отырып іске асырылды.