«Ол үшін ақпараттық жүйе (МБИМ) әзірленді және қазіргі уақытта оны міндетті қолдану бөлігінде нормативтік бекіту бойынша жұмыстар қолға алынды. Сонымен қатар, құрылыс сараптамасынан өткізу үшін комитет «адамдар көп болатын» жобаларды мемлекет қарауына қайтару бойынша жұмыс жүргізуде, олар бойынша бүгінгі таңда жеке сараптама ұйымдары қорытынды береді», - деді спикер.
Бүгінгі таңда жеке секторға лицензия беру бойынша қызметтердің шамамен 80% берілді.
«Сондай-ақ, бұған дейін инженерлік желілерсіз және аумақтарды абаттандырусыз ЖСҚ әзірлеу мүмкіндігіне жол берілгенін атап өткен жөн. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылмай, сондай-ақ аумақтарды абаттандырусыз пайдалануға берілді, бұл объектілерді қалыпты пайдаланудың мүмкін еместігіне әкелді», – деді комитет төрағасының орынбасары.
Мұндай тәжірибені болдырмау мақсатында комитет бірыңғай ЖСҚ құрамында кешенді түрде жобаның бөлімдері мен шешімдерін әзірлеу бөлігінде мемлекеттік нормативке тиісті толықтырулар енгізді. Енді ғимараттың қаңқасы инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу және абаттандыруға дейін алаңішілік желілермен жобалануда, деп атап өтті спикер.