Мереке күні Еңбек ардагерлері мен бүгінгі күні еңбек етіп жүрген жастарға құрмет көрсетіледі. 

«Адал азамат – адал еңбек» дегендей қазақ халқы адал еңбекті әрқашан жоғары бағалаған. Еңбек әулеттері, отбасылық дәстүрлер, тиімді жүзеге асырылған стартаптар мен идеялар өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып табылады. 

Жоғары технологиялар мен жасанды зерде дамыған, сондай-ақ көптеген дәстүрлі кәсіптер мен мамандықтар жаңғыртылып жатқан мына заманда Еңбек күні аса маңызды. Бұл мейрам еңбек мәдениетінің ұмыт болған дәстүрлерін жаңғыртуға бағытталған, әрі жас ұрпақты еңбекті бағалауға тәрбиелейді.

Еңбек күні құтты болсын!