Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті жүргізген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде Лисаков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапасыз ұсыну және Small сауда объектілерінде көру функциялары бұзылған адамдар үшін ақпараттық құралдардың болмауы фактілері анықталды. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының Талғар аудандық жер кадастры және тіркеу бөліміне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.

Мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым берілді, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.