63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Эсмигүл Куюлова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол өзбек спортшысы Севинч Исоковадан басым түсті.
Бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы дзюдодан үшінші медалі. Кеше 48 кг дейінгі салмақта Абиба Абужақынова күміс медаль жеңіп алды, ал Мағжан Шамшадин 60 кг дейінгі салмақта қола медаль иеленді.
«Жеңіс оңай берілмейді, бірақ бүгін Эсмигүл жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Оның алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ», – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Сонымен қатар дзюдодан 81 келіде өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Мусо Собировтан басым түсті.