Бұдан басқа, 2023 жылғы 26 қыркүйектен бастап лицензияланған элеваторларға, сондай-ақ астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарына арналған астық импортын қоспағанда, темір жол көлігімен бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салынды.

Темір жол көлігімен әкелуге енгізілетін шектеулер Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдарға қолданылмайды.