Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ұйымдастырушылар мен еліміздің Жеңіл атлетика федерациясының өкілдері айтып берді.

«Біз Астанада болғанымызға өте қуаныштымыз. Бүкіл әлем спортшылары Қазақстан астанасында кездеседі», – деді World Athletics жарыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Mr. Pierce O'Callaghan.

2023 жылы Астанада алғаш рет World Athletics Indoor Tour Silver Level жарысы өтті. World Athletics өкілдері тарапынан атап өтілген тамаша ұйымдастыру арқасында 2024 жылы Астана алтын деңгейдегі жарыстарды қабылдайды. Ос

«Astana Meet for prizes of Amin Tuyakov» турнирі отандық жеңіл атлетиканың жаңа тарихын ашады. Жарыс 2024 жылдың 27 қаңтарында «Qazaqstan» жеңіл атлетика орталығында өтеді», – деді Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының атқарушы директоры Павел Кукин.

Турнирдің жүлде қоры 100 000 долларды құрайды. Жарыс жеңіл атлетиканың 12 түрінде өтеді. Қорытынды нәтижелер қазақстандық спортшыларға 2024 жылы Франция астанасы Париж қаласында өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алу үшін күресуге көмектеседі.

«Осындай деңгейдегі жарыстарды өткізу қазақстандық жеңіл атлеттердің мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі. Соңғы 4 жылда қазақстандық спортшылар еліміздің 60-тан астам рекордын орнатты, бұл нәтижелер деңгейінің өскенін көрсетеді. Ұлттық чемпионаттарға қатысатын спортшылар саны 30%-ға өсті. Осы фактілердің барлығы Қазақстанның жеңіл атлетикасын дамытудың таңдалған жолының тиімділігін білдіреді», - деді жеңіл атлетика федерациясының басшысы.