Оның айтуынша, заң сараптамасын сапалы жетілдіру принципі ерекше бақылауда, оның ішінде сарапшыларды тарту есебінен. Ол сондай-ақ тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру статистикасына тоқталды.
Мысалы, жыл басынан бері 10,1 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 93,1%-ы электрондық форматта көрсетілген. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын барлық мәмілелерді тіркеудің электрондық форматына көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша жыл басынан бері 60 542 құжатқа апостиль қойылды. Жергілікті атқарушы органдар 457 460 актілік жазбаны тіркеді, оның ішінде туу туралы – 279 198.
«Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау: елде 4 705 нотариус жұмыс істейді, 248 лицензия берілді. Олар өз жұмысын бастайды. Адвокаттар саны – 5 997, 288 жаңа лицензия берілді. Тәртіптік жауапкершілікке 25 адвокат тартылды», – деді спикер.