Оның айтуынша, аталған санның едәуір бөлігін алимент өндіріп алу жөніндегі құжаттар құрайды. Республика бойынша бұл 303 мыңнан астам немесе өндірістің 4% құрайды.

«2023 жылдың 6 айында алимент төлемдері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 2 861 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7 219 борышкерге қатысты елден шығуға уақытша тыйым салынды. Алимент өндіріп алу туралы барлық проблемалық атқарушылық іс жүргізу бойынша сот орындаушылары мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қабылдауда», – деді ведомство басшысы.

Бірақ кейде олар борышкерден алимент өндіріп ала алмайды, өйткені оның тұрақты табысы мен мүлкі жоқ. Осыған байланысты, өңірлік әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесіп борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін тұрақты негізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді. Мысалы, 2023 жылдың 8 айында республика бойынша 2 101 борышкер жұмысқа орналастырылды.