«Оның ішінде мысалы, апорт алмасын дүниежүзілік географиялық көрсеткіш ретінде тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Осы жылы сәйкес қауымдастық та құрылған. «Қазпатент» ұйымына осы қауымдастық атынан алматылық апортты географиялық көрсеткіш ретінде тіркеу туралы өтініш түскен, оны елдің атынан тіркеуге тырысып жатырмыз», - деді әділет саласының басшысы.  

Тауарлық белгіні, авторлық құқықтарды бұзатын жағдайларда сәйкес құқық иеленушілер арыз түсірген жағдайда әділет органдары да сәйкес тексеріс жүргізе алады. Бұл орайда әділет органдары өз бетімен тексеріс жүргізе алмайтынын айтты министр. 

«Бізге 58 факті бойынша арыз түсті, құқық иеленушілер менің құқықтарым бұзылып жатыр деп арызданып. Біздің аумақтық әділет органдары 58 рет тексеріске шықты. Оның арқасында 52 құқық бұзушылық анықталды. Жалпы сомасы 24 млн теңгеге құқық бұзушылық анықталып, 12 мыңға жуық контрафактілік тауар тәркіленді, 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған», - деді сала өкілі. 

Әділет органдары Дүниежүзілік зияткерлік меншік құқықтарын қорғау ұйымымен бірге өте тығыз жұмыс істеуде. Жақында Алматыда осы ұйымның қатысуымен жазғы мектептер ашылған. 

«Шілде айында ұйымның бас хатшысымен кездескен кезде Алматы апорты жөнінде сөз қозғап, елдің атынан тіркелсін деп ұсыныс жасап едік. Алматы апортын Қазақстанның ұлттық географиялық көрсеткіші ретінде қолдауын сұрадық», - деді А. Есқараев.