«Бүгінгі таңда сақтандыру компанияларының активтері 2,4 трлн теңгені құрайды. Осы жылдың 9 айында ғана сақтандыру нарығында төлемдер 164 млрд теңгені құрады. Соңғы 4 жылда сақтандыру шарттарының саны 2 есеге: 5,8 млн шарттан 9,3 млн дейін өсті, оның 86%-ын жеке тұлғалар жасады», - деді спикер.

Шарттардың 49%-ы міндетті автосақтандыруға жатады. Бұл сақтандырудың ең жаппай таралған түрі.

«Біз соңғы 3 жыл ішінде сақтандыру секторының белсенді дамуына нарықты белсенді цифрландыру ықпал етті деп санаймыз. Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде сақтандыру нарығында цифрландыруды дамытудың 3 бағыты бар: Insurtech, RegTech және SupTech. Егер RegTech және SupTech қадағалау мен реттеуді цифрландыруға қатысты болса және оларды негізінен сақтандыру ұйымдары сезінсе, онда Insurtech тікелей клиент пен сақтандырушының өзара қарым-қатынасын цифрландыруға бағытталған. Insurtech онлайн сервистерді, маркетплейстерді дамытуға, халық үшін цифрлық сақтандыру ортасын құруға мүмкіндік береді», - деді спикер.