Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.